30 жасқа дейін 10 сабақ

30 отыз

Ең қажетті білім мен тәжірибені тек сәтсіздік пен жеңіліс кезінде аламыз. Енді ғана жұмыс істей бастағанда, әрбір елеулі сәтсіздік мансаптың күйреуі ретінде қабылдананды. Шын мәнінде, бұл сынақтар мұқият болу үшін, бір қателікті екінші рет қайталамау үшін беріледі. Бұл мақалада біз жиі кездесетін және өте маңызды болып табылатын 10 қателікті жинап, топтастырдық.

Бірінші сабақ: «сіз армандаған жұмыс» ең қорқынышты түсіңізге айналуы мүмкін

Сіз тап — тамаша жұмыс орнын таптым деп ойладыңыз, бірақ күн сайын жұмысқа деген көңіліңіз суып келеді. Мысалы, мұқтаждарға ілтипатпен көмектесуді армандап, дәріханаға фармацевт болып орналастыңыз. Алайда, келушілердің көптігі сондай, әрбір клиентке жылы шырай танытып, жақсы қарым-қатынас орнатып тұратын уақытыңыз жоқ. Жұмыс сізді қанағаттандырмады, себебі күткеңізді бере алмады. Солай ма?

Мұндай жәйттар бәрін таразыға салып, бір шешімге келуге көмектеседі. Ал алдыңғы жұмыс орнында алынған тәжірибе міндетті түрде келешекте ескерілетін болады.

жақсы жұмыс

Жабығу сезімі де өз кезегінде өмірде жүз пайыз қанағаттандыратын нәрсенің жоқ екенін көрсетеді. Өмірге шынайы көзқараспен қарап үйрену керек. Тіпті «арманыңдағы жұмысқа» қатысты әрекеттерге келгенде де.

Кез келген жағдайдың жағымды жақтарын табуға тырысыңыз. Егер жұмысыңыз сізді 80% қанағаттандырса— демек, сіз дұрыс жолдасыз. Бірақ, бұл деңгей 40% әрең жетсе, кәсібіңізді ауыстыру жайлы ойланыңыз.

Екінші сабақ: сұхбатқа мұқият дайындалу

Өз-өзіңізге сенімділік әрқашан оң нәтиже әкеледі. Сіз өзіңізді керемет маман ретінде елестетіп, бұл жұмыс кез келген ақымақтың қолынан келеді деп сұхбатқа дайындалмасаңыз, онда дәл сол ақымақ-өзіңіз. Себебі, сұхбатқа келген адам, жұмысқа орналасып жатқан компаниясы жайлы 1-2 мәлімет те білмесе, өзі жайлы теріс пікір қалыптастырады.

сұхбат жұмыс

Алайда бір-екі сәтсіз сұхбат сіздің сағыңызды сындыруы мүмкін. Сәтсіз сұхбаттан кейін өз дәрежеңізді қалай төмендетіп алмауға болады? Бұл жайлы этикет жайлы сарапшы Розалинда Рэнделдың берген кеңесі:

Кез келген жағдайда алғыс хат жіберіңіз. Сұхбатқа дайын болмағаныңызды мойындап, қайта мүмкіндік берсе, тиянақты дайындалып келетініңізді білдіріңіз. Бір кездері қазір есімі Торонтода белгілі мансаптық коуч Камара Тоффоло конференцияда атақты компания басшысына келіп, онымен танысқан болатын. Тоффоло дәл сол кеште жанағы адамға келіп, екінші рет таныспаса, бәрі өте жақсы өтер еді . Екінші мәрте танысудан бастартқан басшы: «Сіз бизнесте жұмыс ітегендіктен, әр адамды бірінші реттен есте сақтауыңыз кажет»,-деп жауап берді. Тоффоло шын жүректен кешірім сұрап, өз қателігін мойындады. Ендігі күні ол аттар мен адамдарды бірінші кездесуден кейін есте сақтайды . Бір жанның шебер жауабы оған өмір бойына көмектесіп келеді. Ал бірнеше жылдан кейін дәл сол басшы оған жұмыс ұсынған еді.

Розалинда Рэндел

Үшінші сабақ: әрдайым «иә» деп жауап беруге болмайды

Сіз жұмыста өте бесендісіз бе? Сіз ұсынылған әр жұмысқа білек сыбана кірісіп кетесіз бе? Істің байыбына бармай жатып,«мен орындаймын» деп уәде бересіз бе? Онда сіз футбол ойыншысын елестетесіз, бірақ сіздің де қақпаға гол соғатын қабілетіңіз қалмайтын күн тууы мүмкін.

көп жұмыс

Бұл -мансап жолының ең басында көпшілігі душар болатын қарапайым ауру. Яғни, бәрінің көңілінен шығуға тырысу.

Камара Тоффоло, мансаптық коуч

Сіздің қолыңыздан келмейтін заттарға талпынуыңыз бойыңыздағы тамаша қасиеттер жайлы баяндайды. Ол- бастамашылық және талпыныс. Бірақ, ұзақ мерзімді табысқа қол жеткізуді ойласаңыз, міндеттерді жете түсініп, процесс және мерзіммен танысып алу қажет. Сонымен қатар, басшылыққа істің анық-қанығына жетіп, қолыңыздан келетінін түсінгеннен кейін ғана бұл іске кірісетініңізді айту — әбден заңды құбылыс.

Іске асырылмай қалған жобаның арқасында сіз әлсіз жақтарыңызды түсініп, онымен жұмыс істей аласыз.Жаңартылу қажет программаларды игеріп, кәсіби тұрғыда дамуды қолға аласыз.

Төртінші сабақ: Сізді жұмыс бабынмен жоғарылатпай жатқанда не істеу қажет?

Сіз тиімді қызметкерсіз және компания істеріне бейжай қарамайсыз, тіпті компания үшін атқарған істеріңіз көп. Бірақ, сізге неге екені белгісіз, мансап бойынша жоғарылатудан бас тартуда. Бұдан нашары, сіздің барлық сарп еткен күш-жігеріңізге қарамастан,күтпеген жерден жұмыстан шығарады. Егер сіз қалаған лауазымға қол жеткізе алмасаңыз, бұл әрі қарай қозғалу мен дамуға мотивация болуы қажет.

Сіздің табысыңыз өзіңіздің ой еркіңіз және адал жұмысыңызбен бағаланады. Тынбай еңбек етуді жалғастырыңыз, көбірек жауапкершілік алудан қорықпаңыз, бірақ мұны дұрыс іске асырыңыз( үшінші сабаққа қайта қараңыз) . Жаңа жетістіктерге қол жеткізгенде, бұл тақырып төңірегінде басшылықпен қайта сөз қозғап көріңіз.

жұмыс табыс

Әзірге жұлдызыңыз жанбай тұрғанда, есіңізде болсын,сіз барлық факторларға әсер ете алмайсыз. Кейде жұмыстағы сәтсіздіктер ойлануға мүмкіндік береді, мүмкін сізге өзге кәсіппен шұғылдану керек болар? Егер де жұмыстан шығарылған болсаңыз, күйзеліске түспеңіз. Ізденіс үстінде болыңыз.

Аманда Роузды 34 жасында ірі компания басшылығы жұмыстан босатқанда, ол өз неке агенттігін ашып, қазіргі кезде соны ойдағыдай басқарып отыр. Кейде сәтсіздік үлкен табысқа әкелуі мүмкін. Бұл уақытпен дәлелденген.

Бесінші сабақ: Басшылықты өлтіріп алмасам болды

Мойындайық, жексұрын басшылық көңілден шығатын бастыққа қарағанда жиі кездеседі. Оны өзгертуге тырыспай ақ қойсаңыз болады. Өз сезіміңізге ие болуды үйреніңіз. Шыдамдылық танытыңыз. Әрине, бастығыңыз шекарадан шығып, адами факторларды бұзып жатпаса.

Онымен тек жұмыс бабымен және ақырын сөйлесуге тырысыңыз. Тіпті ол өз-өзін қолда ұстай алмаса да. Ешқашан оны өзгелерге және оған өзгелерді жамандамаңыз! Бір сөзбен айтқанда, бастығыңыз сізге қарсы қолдана алатын еш іске бармаңыз!

бастық

Басшылыққа неғұрлым аз қитұрқы әрекет ойластырсаңыз, онымен соғұрлым аз сөйлесіп, кезігіп қаласыз. Сайып келгенде, қитығыңызға тиетін адам сізді төзімділікке үйретеді. Және сіз қандай басшы болмау керектігін түсінесіз.

Алтыншы сабақ: үлкен жалақы — жұмысқа деген махаббаттың кепілі

Өз кезегінде TED жиынында мінез-құлық экономикасының маманы Дэн Ариэли , кез келген жанға белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін ынталандыру қажет екенін түсіндіреді. Жоғары жалақы қалыпты жағдайға тез айналып, шабыт көзі болуын тоқтатады..

Бізді теріс түсініп қалмаңыз, ақша маңызды! Ол қалаған деңгейде өмір сүруге мүмкіндік береді. Және қазіргі таңда тауып жатқан ақшаңыз болашақ жұмыс орнында да бағаланады.

Бірақ, жалақыдан басқа жұмыстың өзге аспектілері сізді мүлдем қуантпаса, бұл сізді жалықтырып, қынжылта бастауы мүмкін. Осыны назарға ала отырып, біз сізді жұмыстың қай тұстары ұнайтынын және неге ұнайтынын ойлануға шақырамыз. Сізге жұмысыңызда не құнды? Мысалы, сіз өзіңізге ұнайтын ортада жұмыс істейсіз, алайда жалақы мөлшері қалағаннан аз. Жұмыс істеуге келісесіз бе? Немесе , сіз әріптестеріңіздің түрін көргіңіз келмесе де, жалақы үшін ғана жұмыс істеуге келісемісіз?

болашақ жұмыс

Камара Тоффоло жағымды жұмыс ортасын қалыптастыру үшін, жеке өмір мен жұмыс арасындағы балансты сақтау, әріптестер арасындағы сыйласымдылық әсер ететінін айтады.

Жетінші сабақ: өз қателігіңізді жасырып қалуға тырыспаңыз

Тіпті ең тәжірибелі жұмыскерлердің өзі осы қателікті жиі жасайды-өз сәтсіздіктерін жасырып қалуға тырысады. Бұл өзіне деген сенімсіздікті көрсетеді. Алайда, құпиясы бар кез келген адам оның ашылуынан қорқады.

қате

Сондықтан, ештеңені жасыруға тырыспай, қателігіңізді мойындаңыз. Тек кінәлі адамды іздеп, өзіңізді ақтап алуға тырыспаңыз. Түсінгеніңізді, болған істен сабақ алғаныңызды айтсаңыз, жетіп жатыр. Басшылықпен орнаған жағдайдан шығынсыз шығудың жолын сұрастырып, көмек сұраңыз.

Сегізінші сабақ: көпшілік алдында сөз сөйлеу сәтсіз шықса-қалыпты жағдай

Көпшілік алдында сөйлеуге ұзақ, әрі тиянақты дайындалу қажет. Тіпті көпшілікке үйреніп қалған адамдар да үлкен аудиторияның алдында сөйлеуге келгенде, қатты қобалжиды. Себебі, күтпеген жағдайлар орнауы мүмкін. Егер, YouTube каналын ашып қалсаңыз, осыған дәлел болатын видеолардың астында көмілесіз.

жұмыс презентация

Егер, сіз сәтсіздіккен ұрынсаңыз, жағымды және жағымсыз жақтарын қайта таразылап, келесі жолы қайталамауға тырысыңыз. Мүмкін, сізге ақпарат аздық еткен болар, әлде уақыт тығыздығы әсер етті ме екен?

Бастығыңызбен кездесіп, кешірімін алыңыз. Тек, оның алдында өзіңізді ақтап алуға тырыспаңыз. Одан да оның көзқарасын тыңдап, пікірін естіңіз. Әрине, сын естіген оңай емес, алайда қажет.

Тоғызыншы сабақ: әріптестер арасындағы шекараны біліңіз

Уақытымыздың басым бөлігін біз кеңседе өткіземіз. Әріптесетеріңізбен дос болсаңыз тіпті жақсы, кофе ішіп отырып, жұмысқа қатысты да, қатысты емес те сұрақтарды талқылап тастауға болады. Алайда, тым жеке сұрақтардың көтерілуінен сақ болыңыз. Себебі, кейін ол өзіңізге қарсы қойылуы мүмкін. Бәрінің көңілі таза дегенге алданбаңыз, алайда, әр заттың шикілігін іздеп жүрмеңіз. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ!

жұмыс

Егер кеңседегі «арампиғылдыларды» білсеңіз, оларды айналып өтуге тырысыңыз. Олардың қитұрқы жоспарына ілігіп қалмаңыз. Олармен алыстан сыйласыңыз, амандығыіыз түзу болсын. Себебі, артық жаудың да керегі шамалы. Бұл сіздің мансабыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Оныншы сабақ: бастықпен көпшілік арасында ерегеспеңіз

Сізді жаңа жобаны таныстыру үшін маңызды отырсықа шақырды. Бәрі сіз қалағандай мінсіз өтіп жатыр: тыңдарманды қызықтыра алдыңыз, қойылған сұрақтарға еш қиналмастан жауап беріп жатырсыз, жаңа идеяларды да естіп отырсыз. Бастығыңыз да өз ойын айтып қалды, алайда оның көзқарасы сіздікімен мүлде сәйкес келмейді. Бұл жайлы сіз де еш ойланбастан айта салдыңыз. Осының салдарынан маңызды жиын базардағы ұрысқа айналғалы тұр. Себебі, сіз сыпайы пікір алмасу мен дөрекі ұрыс шекарасын аттадыңыз.

Табыстың басты көзі- айтар сөзді қорытып алу. Сіз әрдайым тек жұлдыз болып жүрмейсіз, сізді де сынға алады, сөгеді, сізге қарама-қайшы пікірлер әлі талай айтылатын болады. Оның үстіне, егер маңызды жоба аясында басшылыққа жауап қайтаратын болсаңыз, ауыздан шыққан әр сөзіңіз салмақты болуы шарт.

бастық

Алайда, айтылған сөзді қайтарып ала алмайтыныңыз белгілі. Сондықтан, міндетті түрде бастығыңызбен сөйлесіп, қателігіңізді мойындап, екінші рет мұны қайталамайтыныңызға сендіріңіз. Ендігі кезде, өз ойыңыздың қайткен күнде де дұрыс екенін айтқыңыз келсе, бастықпен оңаша сөйлесе алатын мүмкіндікті күтіңіз. Және басшылықтың өркөкіректігіне нұқсан келтірмейтіндей жеткізу жолын ойластырыңыз. Болашақ мансабыңыз үшін оның көзіне жақсы қырыңыздан көрінуге тырысыңыз.

Өз пікіріңізбен бөлісуді ұмытпаңыз. Сіздің тәжірибеңіз бен мансап жолында алған сабақтарыңыз жайлы білу біз үшін өте қызық. Немесе, өміріңізді өзгерткен, өзіміз үшін жаңа нәрселер түртіп отыратын оқиғаларыңыз болса, оны да айтып кетіңіз.

Оставить комментарий

  Подписаться  
Уведомление о