Бизнес ашу үшін ақша қайдан алуға болады?

Кейде бір жобаны іске асыру үшін шұғыл түрде қаражат керек болып жатады. Мысалы, жеке бизнесіңізді ашу мақсатында. Сізде бір ой туып, оның қомақты табыс әкелетініне сенімді болып жатасыз, бырақ өкінішке орай ақша жағынан мәселе туындайды.

Өз жеке бизнесіңді ашу үшін ақшаны қайдан алу керек?

Мен сіздерге өз басымнан өткен жағдай мен жеке тәжірибемнен мысал келтіріп беремін. Жеке ісімді ашу үшін қаржы іздеп, бұл тұрғыда не нәрсеге қол жеткізгенімді баяндаймын.

Бизнес ашу үшін ақша қайдан алуға болады

Бұл мақалада бизнеске қажетті қаражатты табудың 6 тәсілін айтамын.Әркімнің өз ыңғайына сай тәсілді табатынына сенімдімін.

Ақша жинақтау

Бұл бизнеске бастапқы капитал табудағы ең алғашқы әрі айтарлықтай қарапайым тәсіл.

Ең маңыздысы-кіріс табысыңыз 75 000 тенгеден басталатын және өз қаржыңызбен басқара алатын тәуелсіз кәсіпкерге айналу ниетіңіздің бар болуы.

Ондай жағдайларға кезіккен емеспін.Мен әрдайым қарапайым өмір сүруге тырысатынмын,сондықтан табысымның бір бөлігін жинап қою қолымнан келетін еді.

Бизнес ашу үшін ақша қайдан алуға болады

Мені алға қарай сүйрейтін ең мықты қозғаушы күш-қарызға өмір сүрмеу.Мен біреуге қарызданғанды жаным сүймейді,сондықтан несие алудан барынша қашатынмын.

Өзімнің алғашқы бизнесіме қаржы жинау қолымнан келді.Ол айтарлықтай қомақты ақша болмады, шамамен құны ұсталынған жапон көлігімен тең болды.

Басты мәселе-бұл қаржыны қайда жұмсау керек.Дәл сол көлікке ме,әлде сондай көліктің екеуіне қол жеткіздіретін қосымша табыс көзіне ме? (өз көлігім болғандықтан,олай жасамас едім).

Егер  ұсталынған жапон көлігі келетін ақшаны жинауға айтарлықтай шыдамыңыз болса, демек жеке бизнесіңізді де ашуға қаржы жинай аласыз. Тек қалауыңыз бар болған жағдайда.

Ақшасы бар дос табу

Кейде жиналған қаржы жеке бизнес ашуға жетпей жатады. Сол кезде қосымша ақша іздеу керектігі туады. Бұл жағдайда сіз сияқты қаржысы бар және сол қаржыны дұрыс қолданысқа жібергісі келетін достарыңыз немесе таныстарыңыз көмектесе алады. Сізге біреуден ақша сұраңыз деп тұрғаным жоқ. Себебі, ешкім жайдан-жай ақша бермейді.

 Жаңа іске бөлшекті ұсыну қажет.

Адамдар ақшамен қимас сезіммен қоштасады. Өйткені, оларды қызықтыру керек. Еңбек еткен жағдайда,көрер пайдасының қандай болатынын көрсету қажет.

Бизнес ашу үшін ақша қайдан алуға болады

Өзімнің бизнесімді (қыздырыну студиосын) сатып, салмақты жоба бастамақ болған кезде дәл осындай жағдай болған. Қолымда екі миллиондай ақша болды. Ал жаңа жобаға керекті қаражат 4 миллионды құрады.

Мен өзімнің ұялы телефонымның кітапшасын ашып,тиімді ұсынысымды жасай алатын жолдастар мен таныстар тізімін қарастыра бастадым.

Бірнеше сағатта үміткерлер тізімін шығарған соң,мен коммерциялық ұсыныс жасауға кірістім.Иә,иә!Біздің өміріміз-тікелей сауда іспеттес.Біз жиналысқа келген сәтте өзімізді “сатамыз”. Тіпті әдемі бойжеткенмен танысқан кезде де өзімізді “сатамыз”.Біз өзімізді және идеяларымызды серіктестік қарым-қатынасқа “сатамыз”,мейлі таныс немесе туысқандарымызға да болсын.

Маған  2 000 000 теңге көлемінде ақша керек болды. Бұл біреуге еш уайымсыз бере салатын және қайтарылуын ойламайтын 500 теңге емес. Сондықтан менің ұсынысымның нақты әрі іске асатын болуы үшін дайындалуым қажет.

Он шақты адамдарға қоңырау соққаннан кейін,тек бір-екеуі ғана бұл тақырыпты әңгіме етуге келісті. Мен телефон арқылы қомақты ақша жайлы екенін бірден айттым. Нәтижесінде таныстарымның бірімен бірлесіп бизнес ашуға кірістік.

Бизнес ашу үшін ақша қайдан алуға болады

Кім іздесе,сол табады. Бұл мысал арқылы әрдайым шешім табуға болатынын көрсеткім келді.Өз ісіңе және бизнеске ақша табу сіз ойлағаннан оңай.

Инвестор мен серіктес табу

Өз ісіңе ақша табудың тағы да бір жолы-жобаға инвесторлар мен серіктестерді қосу.Алдынғы мысалдарда әңгіме таныс және достар жайлы болса,бұл жолы мүлдем таныс емес,алайда ақшасы бар және бастауға көмегі тиетін адамдар жайлы болмақ.

Инвесторларды қайдан іздеу керек?

Бұл істің шешімін іскерлік серіктеске қатысы бар газет-журналдардан іздеу керек.Мысалы,мен ондай адамды қарапайым әрі тегін сайттан тауып алдым.Бізде ондай сайт olx.kz деген атпен танымал.

Ол сайтта  “Бизнес”деген бөлімді тауып, бизнесті сату және сатып алуды қарастырдым. Сөйтіп, бірлескен бизнес ашуға серіктес керек деп жарнама бердім.

Бизнес ашу үшін ақша қайдан алуға болады

Маған әртүрлі адамдар қоңырау шалды.Көп бөлігімен жолықтым.Шынымен де қызықты ұсыныстар келді.Тиімді бизнес ашуға болатын жеке жер тілімі бар бірнеше адамдар да болды.

Айтарым бар. Өз ақшаларын тиімді әрі пайда алып келетін іске салуға дайын бай адамдар көптің қасы.

Қазір артық бірнеше миллионы бар адамды оңай-ақ табуға болатынын білемін.

Банктегі несие

Ең болмағанда өз ісіннің игілігі үшін банктен несие алуға болады.

Бұл кеңесті ең соңғы кезекке қалдырдым.Себебі,алған ақша үстіне пайызбен төлеп,қарызға кіргенше,басқа да жолдарды қарастыруды жөн көрдім.

Мен үшін несие-бұл ең соңғы іс.Егер сізде расымен де тиімді ойыңыз болса , алуыңызға болады.

Бизнес ашу үшін ақша қайдан алуға болады

Әр қадамыңызды анық басуыңыз керек. Өз ісіңізді ашқанның өзінде,келетін табыс пен қатар шығынның болатынын ескерген абзал.Сондықтан,жеп-ішуіңізге және өмір сүруіңізге кететін шығындарыңызға есеп беруіңіз керек.

Қорытынды

Иә, көріп отырғаныңыздай, өз ісіңізді ашуға ақша табудың жолы жетерлік. Өз бизнесінді ашупайда әкелетін ғана емес тәуекел іс.

Бизнесті ашу нмесе ашпау-әркімнің өз жеке ісі. Алайда,байқап көруге кеңес беремін. Өмір қамшының сабындай қысқа және қорқудың қажеті жоқ. Біреудің қол астында жұмыс істегенше, жеке іспен айналысқан әлдеқайда жақсы.

Бизнес ашу үшін ақша қайдан алуға болады

Жеке өз басым бизнесті ашу-қызықты оқиға деп түсінемін. Жұмыс істеу барысында басымыздан талай қызықтар мен қобалжитын сәттер өтеді. Ал кәсіпкерлер үшін бұл таңқаларлық мәселе емес. Өмірімізді қызықты ететін адреналин, творчествалық өрлеу мен даму сыйлайды.

P.S. Айтпақшы, ақшану табу жөнінде қосымша идеяларыңыз бен ойларыңыз болса, пікірлеріңізді жазыңыздар…

2 thoughts on “Бизнес ашу үшін ақша қайдан алуға болады?

    • Ол сіздің беделділігіңізге байланысты. Менің достарым мен ақшаны босқадан босқа құртпайтынымды біледі. Сондықтан оларда маған сенім бар.

Leave a Comment