Жұмысқа орналасуға қалай болады? — 1.Сұхбат

Егер сіз жұмысқа орналасуға бір рет болсын, сұхбатқа барған болсаңыз,  «Өзіңіз жайлы айтып беріңіз» деген қитұрқы сұрақ жайлы білесіз. «Не айтамын?», «Қалай айтамын?», « Ол менен не естігісі келіп тұр?» деген сұрақтар сіздің де мазаңызды алған болар. Бірақ қорықпаңыз, сұхбат алушы адам асы сұрақты қоярда, сіздің сұхбаттан ойдағыдай өткеніңізді қалайды. Және ол жауабын естуге құмартып отырған жайттар бар. Алайда, мүлдем айтуға келмейтін және болмайтын заттар бар екенін есте сақтаңыз. Әрі қарай әңгімеміз осы заттар төңірегінде өрбитін болады.

Өтінішке жауап қайтара отырып, есте сақтайтын екі қағида бар:

  1. Өмір жолыңызды, жеті атаға жететін шежіреңізді айтып отырмаңыз.
  2. Жұмыс берушіге пайдалы ақпаратты беруге тырысыңыз.

жұмысқа орналасуға

Бірінші ережені ұстану қиындық тудырмас. Серіктесіңізге сіздің өмірлік тарихыңыз қажет емес, ол оны тыңдап отыруға да міндетті емес. Оның орнына жұмыс берушіге пайдалы ақпаратты беруге тырысыңыз. Ал бұған не кіреді?

  • соңғы кәсіби жетістіктер;
  • білім жолындағы жетістіктер;
  • пайдалы қабілеттер;
  • мансаптық мақсаттар;
  • Дәл осы жұмыс сізді несімен қызықтырғаны туралы ақпарат.

Мүмкіндігінше, әр мәліметке  30 секундтан артық көңіл бөлмеу қажет. Жалпы алғанда, өзіңіз туралы  2,5 минут төңірегінде айтуыңыз керек .

 

Соңғы кәсіби жетістіктер

Иә:

  • Соңғы 3-5 жетістіктерің.
  • Өзіңіз дәметкен лауазымға қатысты жетістіктері туралы айтып өтіңіз.
  • Іс-тәжірибе мен практика.

Бұл ең маңызды ақпарат болып табылады . Сондықтан,алдын-ала мұқият дайындалу қажет. Өз жауабыңыздың жобасын алдын-ала жасап алуға болады.

Жоқ:

  • Резюмеде бар ақпаратты қайталау.
  • Өз тәжірибеңіз туралы бос сөз.
  • Қалап тұрған лауазымға қатысты емес жетістікьер.

жұмысқа орналасуға

Білім жолындағы жетістіктер:

Иә:

  • Сіздің қабілетіңіз өз міндетіңізді жүзеге асыруға қалай көмектеседі?
  • Соңғы жұмыс орныңыздан үйренген қабілеттер туралы айтыңыз.
  • Ең үлкен жоба төңірегінде жұмыс істей жүре, алған тәжірибеңіз туралы да сөз қозғаңыз.

Жоқ:

  • Білім алған барлық оқу орындарын тізбектеп шығу (мектеп, университет, курстар).
  • Түйіндемені қайталап шығу.
  • Пайдасыз,жұмысқа қатысы жоқ қабілетіңіз жайлы ұмытыңыз.

Егер сіз кәсіпқой, өз ісіңіздің шебері болсаңыз,  әрбір қатысқан курс, конференция, презентация жайлы ақпарат бермесеңіз де болады. Оның орнына жаңа жұмыс орнында қажет болатын қасиеттер мен тәжірибе төңірегінде сөз қозғаңыз.

Пайдалы дағдылар

Иә:

  • Пайдалы 2-4 қабілетіңізді дайындап қойыңыз .
  • Олар іс жүзінде қалай көмектеседі ?.
  • Ол қабілеттер қалай пайда болды?

Жоқ:

  • Өз дағдыларың туралы жалған айту.
  • Жұмысқа қатысы жоқ қабілеттеріңіз жайлы айту ( бұрын той-тобында өнер көрсеткеніңіз жайлы,картиналарыңыз көрмеде көрсетілгені жайлы).
  • Өтірік айту.

Жұмыс беруші сізді жұмысқа алуға шешім қабылдаған болса, бұл ақпараттың бәрін міндетті түрде тексеретін болады.Сондықтан, өз қабілеттеріңіз жайлы жалған айтуға және асыра айтуға болмайды. Одан да айырықша 2-4 дағдыңызды таңдап, оларды жұмыс барысындағы жетістігіңізге айналдыру қажет.

жұмысқа орналасуға

Мансаптық мақсаттары

Иә:

  • Компания қол жеткізуге көмектесе алатын мақсаттар жайлы баяндаңыз.
  • Болашақ жайлы ойланатыныңызды көрсететін мақсаттар жайлы айтыңыз.
  • Сіз тұрақтылық пен мансаптық өсуді қалайтыныңызды көрсетіңіз.

Жоқ:

  • Өмірлік мақсат жайлы сөз қозғау (үй сатып алу, тұрмысқа шығу)
  • Компания қол жеткізуге көмектесе алмайтын мақсаттар жайлы сөз қозғамаңыз.
  • Сіздің біліксіздіксіздігіңізді көрсететін нірселер жайлы жақ ашпаңыз.

Адамның  айқын мансаптық мақсаттары болмаса, ол біліксізділікті көрсетеді. Алдын-ала  нақты  мақсат қойып, соған жетудің жолын құрастырып алыңыз. Сол кезде бұл сұрақ сізді тығырыққа тіремейтін болады.

 

Бұл компания сізді несімен қызықтырды?

Иә:

  • Компания жүзеге асыруға көмектестін мақсаттарыңыз жайлы айтыңыз.
  • Жұмыс атмосферасы ұнайды деңіз.
  • Өзіңізді болашақта осы компания мүшесі ретінде көретініңіз туралы ой салыңыз.

Жоқ:

  • Жалақы туралы айтуға тиым саламын.
  • «Маған жұмысқа орналасуға қажет» деп айтып жүрмеңіз.
  • Бұл жерде жақсы адамдар көп болғандықтан деп айтушы болмаңыз.

жұмысқа орналасуға

Жоғарыда аталған ережелерді негізге ала отырып, сіз өзіңізді ыңғайлы сезінесіз. Егер жұмыс берушіге қажет ақпарат бере алсаңыз, міндетті түрде бұл жұмысқа орналасуға сізге бұйырады!

Оставить комментарий

  Подписаться  
Уведомление о