Қарызға ақша қайдан алуға болады?

Қарызға ақша тез арада қажет кездер болады. Достарың мен туыстарыңнан да қарызға ақша алуға болмайтын кездер туады. Қарызға керек қаражат мөлшері үлкен болғаны сонша, оны алатын жер де табылмай жатады. Мұндай жағдайларда не істеу қажет? Қарызға ақша қай жерден алу қажет?

қарызға ақша карызга акша тез

Менде де әрбір адамда секілді жиі қаржылық қиындықтар болды. Қарап тұрсақ, жақын адамдардан көмек сұрау қиын емес сияқты, бірақ мен бір уақыттан бастап, өсек-әңгіме, олардың сөздерінен қорқа бастадым. Сонымен қатар, қарызымды уақытында қайтармау туралы ойлар қатты алаңдатты, бірақ басымнан ондай да өтті. Бәріміз адамбыз ғой.

ҚАРЫЗҒА АҚША алу қолхат

Бір уақытта өзіме кредит әлемін аштым. Бұл маған өте ыңғайлы көрінді. Ешкімге ештене түсіндірмейсің де, ақшаны алып кетесің. Оған қоса, кредитті ертерек жапсаң, үстінен кішкене ақша ғана алады. Банктен қарызға ақша алып, тез плюсқа кіріп, қайтарамын деп ойлайтынмын. Осылай менің өмірге деген көзқарасым және стратегиям өзгерді. Мен бизнестің дамытуына, кішкентай мәселелерді шешуге кредитті өте оңай ала беретінмін. Содан кейін өз-өзімен киім мен техникаға рассрочка ала бастадым, қандай да бір іс-шараға қолма-қол ақшаны апару үшін кредит алатынмын. Осы әлемдегі барлық мәселе оңай және тез шешілетін көрінді.

ҚАРЫЗҒА АҚША тез арада карызка акша

Қарызға ақша өте қолжетімді болғанынан, менің өмірге деген көзқарасым өзгерді. Кредит пен бөліп-төлеуді шамадан тыс қолдана бастадым. Ішімнен осылай ойлайтынмын: ”Айлық төлем 17 000 теңге ғана, мен оны көтере аламын!”немесе “айына 9000-ақ теңге, бұл көп емес қой!”. Осылайша айлық төлемдер 10000-ға, сосын 5000-ға, одан кейін 20000-ға өсіп отырды. Бір уақытта бүкіл тапқан ақшам кредитке кетіп жатқанын түсіне бастадым, содан өмір сүруіме өте аз ақша қала бастады.

Ақша жинай алмай, төтенше жағдайларда ештеңе істей алмайтынмын. Егер де маған қарызға 100 000 теңге өте керек болса, қайтадан кредит алатынмын, солай айлық төлем өсе беретін. Мен бұны түсінгенде өте қатты қорқып кеттім, бірақ онымен ештене істей алмадым. Банктегі қарызым 3 миллион теңгеден асып кетті. “Бірақ мен аз ғана кредит алдым ғой” деп ойладым. Одан бетері, мен бұл ақшаны қайда құртқанымды да білмедім. Осы ақшаны пайдалы затқа құртпай, ол судай кете берді, ал қиын мәселелер бітпеді.

қарызға ақша карызга акша керек тез арада кайда қайда

Бірнеше рет бұл мәселеден шығуға және кредиттарды жабуға тырыстым. Кішкентай кредиттарды жаба бастадым, оларға кішкентай құбыжықтар ретінде қарап, оларды өлтіруге мақсат қойдым. Бүкіл артық ақшаны соған құрта бастадым. Алайда өзіме қандай да бір қиыншылық түскенде, қайтадан банктан қарызға ақша алатынмын. Бір мезетте ойыма “мен нені дұрыс жасап жатқан жоқпын?” деген сұрақ келді.

Біршама уақыт бұрын бір ғажап нәрсе басымнан өтті. Менің жүрегім Исламға ашылып, оны зерттей бастадым. Берекет ұстанымдары мен өмір қағидаларын үйрене бастадым. Кредиттердің “риба” екенін түсініп, ол өте жаман екенін және берекетті қашыратынын аңғардым. Намазды қатты оқығым келді, сосын күндер бойы біздің осы әлемге келуіміздің маңызы туралы зерттеуге бел будым. Өте дұрыс емес заттарды өзімнен, өмірімнен, үйімнен және шағын бизнесімнен таптым, соларды жөндеуге тура келді. Басында қиын іс ретінде көрінді, алайда содан кейін бұл істі өте оңай және жағымды екенін түсіндім.

қарызға ақша риба несие кредит харам

Таң намазын оқып үйрене бастағанымнан бастап, бүкіл қарыздарым ғажайып түрде жоғала бастады. Бүкіл қателіктерімді және қате ұстанымдарымды көріп, түсіндім. Құдайға жақындай бастап едім, мүмкіндіктер мен ақша өз-өзімен пайда бола бастады. Бүкіл қараңғылық пен сәтсіздікті бір ғажайып күш кетіре бастаған секілді еді. Ақша аз болса да, басқаша сезілді. Бірақ бұл ақша кредиттерді жабуға, өзіме, отбасыма құртуға және садақа жасауға жеткілікті болды. Бәрі оңай болды деп те айта алмаймын. Қиындықтар болды, бірақ мен оларға жай ғана сынақ ретінде қарап, ең бастысы сынбай, сабырлық сақтау керектігіне көзім жетті. Осылай қарағаным үшін, олар жедел жоғала бастады. Алладан көмекті сезіп, берекеттің не екенін түсіндім. Альхамдулилля. Бұл сезімді сөзбен жеткізу өте қиын.

Қарызды жабу үшін банктен жаңадан қарызға ақша алу, жағдайды жақсартпайды. Сол қораға одан әрі кіресіз. Кредиттер мен микрокредиттер — харам. Олар сіздің байлығыңыз мен берекетіңізді кетіреді. Сіздер маған осылай қарсы келе аласыздар:”Маған ақша дәл қазір керек қой! Сен түсінбейсің! Саған айту оңай!”. Мен сіздерді өте жақсы түсінемін. Сабырлы болып, жағдайға басқа қырдан қарап және рұқсаты бар шешім іздеу керексіз. Қасиетті Құранда былай жазылған:

الشَّيْطَانُ يَعِدُكُمُ الْفَقْرَ وَيَأْمُرُكُم بِالْفَحْشَاء وَاللّهُ يَعِدُكُم مَّغْفِرَةً مِّنْهُ وَفَضْلًا وَاللّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ

«Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады (садақа берсеңдер кедейленесіңдер дейді), жексұрындыққа (сараңдыққа, зекет бермеуге) бұйырады. Алла сендерге кешірім мен кеңшілікті уағда етеді. Алла – дарқан, ерен білімді. (2:268)

Мәселелердің көбісі сынақ пен тексеру болып табылады. Алланың құдіретіне күмән келтірмеңіздер. Бүкілі Оның жоспарымен болып жатыр. ИншАлла, сіз бәріне төзесіз. Мен сіздерге осы сайтта сол кездегі қарыздарымнан құтылуға көмектескен дұғалар мен ұстанымдарды көрсеткім келеді. Алла сізді тура жолға жетелеп, көмектесуіне тілектеспін.

8
Оставить комментарий

8 Авторы комментариев
  Подписаться  
Уведомление о
Сункар

Саламатсызба маган 200 мын керек еди срочно бырак менде просроченный бар калай болар екен???

Темирбаева Айдана

маган акша керек еди срочно

Аижан

Сәлеметсіз без менин кредитам бар корректор да маған ақша керек еди көмек керек еди 100000тг керек болип болип төлемін маған кредит бермеи жатыр

Әділ

Акша керек едим 30000 каайдан алсам болады

муталовагуллола

денги

Салиева Мереке

Саламатсызба маган 200 мын керек еди срочно бырак менде просроченный бар калай болар екен???

Гаухар

Маган срочна акша керек бизнес жасамасам болмаиды карызга кіріп кеттім

Шахиста

Маған агша керек еди срочна