садақа беру

Садақа қалай дұрыс беруге болады?

Мұсылман ілімінде қайырымдылық жасаған, яғни садақа берген адамдар ғана гүлденеді делінген. Маған «Садақаны қалай дұрыс жолмен беруге болады? Біреуге бірдеңе бере отырып, өзіңе зиян жасауға бола ма?» деген сұрақты жиі қояды. Ия, болады. Сол себепті кімге және нені садақа есебінде беруге болатының білу өте маңызды.

Садақа табысқа әкеледі ме?

Бірінші кезекте, садақа берудің не үшін керектігін талқылайық. Бүгінгі күні көпшілік садақаны мұқтаж адамға қаржылай көмектесу деп қабылдайды, бірақ мұның түпкі мәні тым әріде жатыр – тек қана ақша түрінде емес, сондай-ақ өз біліміңмен, өз уақытыңмен, заттай емес нәрселермен қайырымдылық жасауға да болады және бұл садақа әлдеқайда құнды болып есептеледі. Бүтіндей алғанда, садақа – бұл қамқорлық таныту нышаны. Әлемге қаншалықты қамқор болсақ, соншалықты әлем бізге мейірім танытады! Садақа беру – бұл маңызды үрдіс.

Қайырымдылық – өз тағдырыңды жақсарту жолдарының бірі. Шын жүректен мойындау және садақа беру бәрін өзгертеді деп те айтады. Осының арқасында адам рухани дамиды, оған сәттілік, тыныштық және бақыт келеді. Садақа беру жанұялық жылуды сақтайды, себебі қайырымдылық бізді іштей өзгерткендіктен, шынайылық пен қамқорлыққа бейім бола бастаймыз. Отбасының негізі де осы емес пе?

садақа садака

Садақа қалай дұрыс беру керек?

Садақаны отағасы, ер адамның бергені жөн. Бұл жағдайда бүкіл жанұя үлкен сауап жинайды. Егер қарыздарыңыз тым көп болса, сонда да садақа беріңіз, жақын арада барлық несиеңізден құтылатыныңызға көзіңіз жетеді.

Садақа мәдениеті деген деген түсінік бар, бұл жерде садақаның бізге зиян емес, пайда әкелетінін білуіміз керек. Кез-келген қайырымдылық үш мақсаттың бірінде жасалуы мүмкін: мейірімнен, мақтанудан немесе ақымақтықтан.

Мейіріммен жасалған садақа – өзіңе ештеңені міндетсінбей, шын ниетпен жасалған ізгі көмек. Адам өзінің білімін, уақытын, ақшасын ықыласпен және шыдамдылықпен құрбан етеді. Мұндай іс көркем мінез бен жақсы қарым-қатынасқа негіз болады, рухани және физикалық тұрғыдан емдеп, адам санасын тазартады және барлығына сауап береді.

Мақтаныш үшін жасалға садақа – жұрт көзіне көрсету үшін, яғни өзіңе бірдеңе алу мақсатында жасалатын көмек. Ол жүректен шықпайды, керісінше басқалардың алдындағы өз абыройыңды жоғарылату ниетінен бастау алады. Қанша және қашан бергеніңіз жайлы ешқандай жағдайда айтуға болмайды. Сіз тек өзіңізге ғана жаманшылық жасай бастайсыз. Тек адал оймен қол ұшын беріңіз.

садака садақа

Ақымақтықпен жасалған садақа – ойсыз істелген тірлік, «мә, аулақ» деп берілген садақа. Ең қарапайым мысалы – көшедегі жасанды қайыршылар мен алқаштарға, сығандарға берілген қаржы. Өкінішке орай, мұндай садақа беруші мен алушының өмірін одан сайын бұрынғысынан да қиындатады. Бұндай адамның тағдыры ауырлайды, өйткені өз ісімізбен күнә жасаймыз және ол басқа жандарға зиянын тигізсе, бізге де оның салдары тиетін болады.

Менің әрдайым жай ғана көшеде ақша бере салу қауіпті екендігін түйсігім сезетін. Дәл сол сәтте неге екенін білмесем де солай істейтінмін. Біз өзіміздің жасаған ісіміздің қайда кететіні жайлы анық білуіміз керек – бұл садақаның ең басты қағидасы.

Егер көшедегі адамға ақша берсек, ол барып, оған шарап сатып алып, уланудан қайтыс болса, онда біз оның өліміне сәл де болса жауаптымыз. Сол себепті ақымақтықпен жасалған садақа өте қауіпті! Егер біз біреуге ақша берсек, ал ол жасанды қайыршы болып шықса – біз нашар адамдардың нашар істеріне қатысушымыз, яғни осы арқылы күнә жасаймыз.

Садақаны беру түрлері

Шын ниетпен, адал оймен және барлық адам баласына деген ізгілікпен, басқаның өмірі мен тағдырын жақсартуға бағытталған жасалған садақа ғана бізге, ата-бабаларымызға және ұрпақтарымызға сауап әкелмек.

Қандай жағдайда садақа беруге болады? Ең бастысы кішіпейілділікпен, мақтанышсыз, жалған намыссыз – тек қайырымдылық жасау үшін садақа беру керек. Жақсылық жасадың ба – оны ұмыт.

көмек, садақа

Садақаны алушыға сыйластық сезімі болғаны шарт. Егер артықшылық жайлы ішкі ойларымызбен (менде бар, ал сенде жоқ) садақа берсек, бұдан дәнеме шықпайды.

Сондай-ақ киім тарату, жануарларды тамақтандыру, ағаш отырғызу, қоғамдық орындарда тиімді іспен айналысу, мысалға көше сыпыру, үйдегі подьезді жуу, қарт көршілеріміздің ауласының қарын күреу, т.с.с. қайырымдылық тәсілдері өте маңызды.

Нені беруге болады? Өз қамқорлығыңды қаржылай, тамақ, мүлік, жақсы сөз, уақыт немесе білім түрінде көрсетуге болады. Жан мен тәнді аздыратын заттарды – арақ-шарап, темекі, есірткі секілді зиянды нәрселерді беруге тыйым салынады.

Қоғамдық көмек қорлары

Егер басқа адамдарға немесе ұйымдарға қаржылай көмек бергіңіз келсе, ол ақшаның лайықты мақсаттарға жұмсалатынына сенімді болу керек. Мысалға, қазақстандық көмек қорлары. Олардың ішіндегі ең ірілері:

www.detdom.kz – «ДОМ» – Аружан Саин қоры.

www.ayala.kz – «Аяла» қоры.

www.shugyla.kz – «Шұғыла» қоры.

Сілтемелерге өтіп, қорлардың немен айналысатындығын оқып, танысуыңызға болады. Қорлар өздерінің өткізген іс-шаралары жайлы айтып, жиналған ақша туралы есеп бере алады. Смс-садақа, банктық карталардан аударымдар да қабылдайды, 500 немесе 100 000 теңге, маңызды емес, бастысы – ниетіңіздің шынайылығы.

балалар

Қанша көлемде садақа беру керек? Бұл жерде 10% қағидасы жүреді, яғни өз табысымыздың 10%-ынан аз болмауы шарт. Бұл былай жұмыс жасайды: пайдамыздың 10%-ын садақаға беріп отырсақ, ақшаға құнықпаймыз, керісінше табысымыз тазарып, ал өзіміз сауап алып отырамыз.

Уақыт пен білімге де осылай. Өз уақытыңның 10%-ынан кем емес бөлігін айналаңдағы басқа жандар мен қоршаған әлемге көмектесуге жұмсау керек. Жақсылықтың барлығы қайтарымды.

Осымен аяқтайық. Қайырымдылық жасаңыз, қоршаған ортаңызды жақсартаңыз және өзіңіз де кішіпейіл болыңыз.

Егер өзіңіз білетін көмек қорлары болса, пікір ретінде жазып кетіңіз.

1 thought on “Садақа қалай дұрыс беруге болады?

Leave a Comment