Сүйікті жұмыс – қиял немесе шындық?

Сүйікті жұмыс шынымен болады ма? Өміріміздің басым бөлігі жұмыс қарбаласымен өтеді. Ал, сол жұмыс ләззат әкеле алады ма?

Ай, қайдам, көбі жұмыста өзін зорлап отырғызып қойғандай көреді. Жұмыс-адамның өмірінің  бір бөлігі. Егер, өміріңізге ашық түстер қоссаңыз, жұмысыңыз да жайнап, бақыт сыйлап, шыға келеді.

Позитив іздейміз

Алдымен, жұмысыңыздың жағымды жақтарын іздестіріңіз. Мысалға, ол тәуелсіздікті сыйлайды. Ал, киімдер мен ұсақ-түйекке өз қаражатыңызды жұмсағанға не жетсін?! Жұмыс істеп, қоғамдағы өз орныңызды нақтылай түсесіз. Кез-келген негативке тойтарыс берер позитивті іздеңіз.

Қарбаластан құтыламыз

Қиын, әрі жағымсыз жұмыстардың бәрін таңертеңгі кофеден кейін істеп тастаған жөн. Иә, қарбалас жұмыс кімге ұнасын?! Бірақ, істеу қажет. Төзімділігіңіз бен шыдамдылығыңыз қайда? Неғұрлым тезірек істеп тастасаңыз, бос уақытыңыз да соғұрлым көбейе түседі.

Сүйікті жұмыс

Қателіксіз өмір мүмкін емес

Қателік жасаудан қорықпаңыз. Адам қателіктерінде үйренеді. Тек, қателік пен айтылған сынды мойындап, екінші рет қайталамастай болыңыз. Алынған сабақ сізді алға қарай жетелесін

Жақсы қарым-қатынас – табыстың кілті

Әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Әрине, қыр сондарынан қалмай, жүгірудің қажеті жоқ, Тек, жақсы атмосфера жұмыс істеуге ыңғайлы екенін біле жүріңіз. Тіл табысыңыз, кеңес беріңіз, өтінішін орындаңыз. Есесіне, тоқ жерде жұмыс істеген өзіңізге де ыңғайлы емес пе?!

Сүйікті жұмыс

Жұмыс орнындағы жайлылық

Өз жұмыс орныңызды реттеңіз. Қол астыңыздағы заттарды қолданыңыз. Табиғи гүл, балаларыңыздың суреті… Жаныңызға жылу сыйлайтын кез-келген зат жарайды. Шабыттаныңыз, өмір сүріңіз. Ал, жұмыс пен кәсіп өміріңіздің айнымас бөлігі екенін түсініңіз.

 

Оставить комментарий

  Подписаться  
Уведомление о