Үйде бизнес жасауға болады ма?

Жеке кәсіп, ешкімге тәуелсіз уақыт және қыруар табыс-көптің арманы. Алайда, сол көптің бір пайызы ғана немен айналысқысы келетінін нақты біледі. Ал, қалғаны арманындағы кәсіптің жетегінде қалады. Біздің мақала сіздерді үйде бизнес ашу жолдары және танымал, әрі тиімді жоспарларымен кеңінен таныстырады.

Ең әуелі, үй кәсібінің оңтайлы, әрі қолайсыз жақтарын қарастырайық. Әрине, ең басты артықшылығы, сізді үнемі бақылап отыратын бастық болмайды. Кәсібіңізге қатысты барлық шешімдерді тек өзіңіз ғана қабылдайсыз. Жұмыс күнін де, демалыс уақытын да, табыс көзін де сіз реттестіресіз. Қоңыраудың шырылынан оянудың еш қажеті болмайды, жақсы емес пе?!

Әрине, үй кәсібінің артықшылықтары көп. Десе де, кемшіліктері барын да естен шығаруға болмайды. Дәл осы ретте, жалқау, ұқыпсыз, тиянақсыз, қорқақ, шешім қабылдауға дәрменсіз, жеңілісті мойындап, тығырықтан шығатын жолды қарастыра алмайтын жан кәсіптің бұл түрін игере алмайтынын ұмытпау қажет. Кейбір адамдар қатаң тәртіп пен үнемі қадағалап отыратын басшылықтың қоластында ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады. Сондықтан, жеке кәсіппен айналысу туралы шешім қабылдар алдында, өз-өзіңізден «Менің қолымнан келеді ме?» деген сұрақтың жауабын алыңыздар.

үйде бизнес

Егер, «Иә, жеке үйде бизнес пен айналысу қолымнан келеді!» десеңіз, онда біздің мақаламыздан ер адамдармен қоса, әйелдерге де арналған кәсіптің түрлерін қарастыра аласыздар. Мүмкін, қалағаныңызды табырсыз?! Немесе, ойыңызда сізге қыруар табыс пен үлкен жетістік әкелетін жоспар бар ма? Есіңізде болсын, тек қана сүйікті іс шабыт пен табыстың кілті болып саналады. Көңіліңізден шықпайтын іспен шұғылдану-уақыт пен ақшаны босқа кетіру.Олай болса, алдымен, ер адамдарға арналған идеяларға көз жүгіртейік.

Ерлерге арналған жеке үйде бизнес жоспарлар

Әдетте, ерлер бизнеске қажетті құрылғылар мен жалға орын алу үрдісінде үнемдеп қалғылары келеді. Сондықтан, кәсібін үйде ашқанды жөн көреді. Үй кәсібінің ерлерге арналған бірнеше тиімді, әрі танымал түрлері бар. Әрі қарай әңгіме осы төңіректе өрбитін болады.

Бірінші нұсқа — туристік бағытта кеңес беру кеңсесін ашу.Сіздің басты жұмысыңыз- туристтерге бағыт-бағдар беру.Яғни, қай жерге бару, немен бару, қандай қаражатпен шығу. Сонымен қоса, олардың жол жүру маршрутын да құрастыруға болады. Бұдан басқа, өзіңізді сақтандыру агентінің рөлінде байқап көріңіз. Сіздің табысыңыз сақтандырған адамдар санына байланысты қалыптасады. Әдетте, кәсіптің бұл түрі үлкен табыс әкеледі.

үйде бизнес

Екінші нұсқа — білім беру. Неге байқап көрмеске? Шет тілдерін үйрету, музыкалық білім беру, компьютерде жұмыс жасауды көрсету….Түрлері өте көп. Тек қана жастарды емес, жасы егде жандарды да табыс көзі ретінде қарастырыңыз. Жұмысыңыз жемісін бере бастаған жағдайда, өз мектебіңізді ашып, мұғалімдерді жалдап, кәсібіңізді үлкейтуге болады.

Егер, сурет салуды ұнатсаңыз, бастысы, жақсы сурет сала алсаңыз, жарнамамен айталысатын өз студияңызды ашыңыз.Құттықтау қағаз, флаер, банер дизайнымен айналысып көріңіз..Сонымен қоса, әлеуметтік желілерде шақыру афишасы жобасымен айналысып көруіңізге болады. Әлем шығармашылық адамдарының аузына қарап отырған заманда, өнеріңіз бен еңбексүйгіштік қасиетіңізді қосып, неге жеңіске жетпеске? Тапсырыспен сурет салу, мастер-класстар өтіп, оны таспаға түсіріп, оларды желіде сату жұмыстарын да қолға алыңыз.

Ағаш өңдеу жұмыстары қызықтырады ма? Ұнаса, ағаш өңдеу ісімен айналысатын шағын фабриканы неге ашпасқа? Егер, жұмысыңыз оңға басса, кәсібіңізді кеңейтуге болады. Мысалы, ағаштан жасалған бұйымдарды көтерме бағамен дүкендерге өткізу. Бұл ретте, өзіңіздің шығармашылық ойларыңызды да қосуға болады. Сізді қызықтырды ма?

үйде бизнес

Ер адамдар көне тиындарға қызықпаушы ма еді? Егер, антиквариаттан жеткілікті біліміңіз болса, онда оларды сатып алып, қайта сату істерімен айналысуыңызға болады. Антиквариатты ғана емес, шет елдердің тауарын да қайта сатуға болады. Себебі, бұл тауарлардың бастапқы бағасы арзан, оны қайта сату арқылы қомақты табыс жинауға болады.

Егер, бұрыңғы жұмысыңыздың құрылыспен байланысы болса, онда үйде отырып ақ, архитектурамен айналысуызға болады. Яғни,біліміңіз бен тәжірибеңізді пайдаланып, сызба жұмыстарын жасаңыз. Әдетте, бұл жақсы кіріс көзі болып табылады.

Соңында, өз жазба студияңызды ашуыңызға болады. Тек, арадағы көпір болсаңыз болды. Тапсырыс алып, оны фрилансерлерге жеткізу. Қиын емес қой, иә? Ал, құлшынысыңыз болса, мақалаларды өзіңіз де жазуыңызға болады.

үйде бизнес

Көріп отырғанымыздай, ер адамдарда мүмкіндік жетерлік. Қыздар, мойымаңыздар! Сіздерге де бірнеше жоспар қарастырып қойдық. Нәзік жандылар байқуатты өмірін немен қамтамасыз ете алады екен?

Әйелдерге арналған жеке үйде бизнес жоспарлар

Әйелдерге үйде жүргізе беретін кәсіптің қандай түрі бар? Бұған жоғарыда айтылған тапсырысқа мақала жазу, білім беру, дизайн-студиясын ашу сияқты кәсіп түрлерін жатқызуға болады. Жеткіліксіз бе? Онда басқа да нұсқаларын қарастырып көрейік.

Сіздің жаныңызға не жылу сыйлайды? Біреуі тігін тіккеннен рахат табады, екіншілері әшекей бұйым жасағанды ұнатады. Пысықтары үйде тапсырысқа перде тігеді. Сіз сұлу болып жүргенді ұнатасыз ба?  Ұнатсаңыз, кейбір әйелдер сіздерді сұлу қылғанды ұнатады. Мысалға, парихмахерлер, стилистер, модельерлер. Өз көңіліңізден шығатын істі тауып алыңыз. Таптыңыз ба? Онда соны ақшаға жасай бастаңыз. Еңбегіңізді лайықты бағалаудан қорықпаңыз!

үйде бизнес

Сонымен қатар, қыздарға арналған сайт ашуға да болады.Немесе, өзге кез-келген тақырыпты қарастырыңыз. Сайтты пайдалы, қажет ақпаратпен және мақалалармен толықтырып, оның топқа кіргенін ғана күтіңіз.Кейін жарнама арқылы табыс таба бастыңыз.

Нәзік жандыларға арналған керемет кәсіп-үйде жарнама орталығын ашу. Орталықтың басты міндеттеріне сыртқы жарнамамен қоса, полиграфия (флаер мен сурет шығару, мұздатқышқа арналған магнитиктер жасау), тырнаққа арналған жапсырмалар жасау кіреді.

Сонымен қоса, өз ақпарат тауарларыңызды жазып, оларды сатумен айналасыңыз. Мысалға,дискке көпшілік алдында сөйлеп үйрену, сурет салу сияқты, белгілі бір тақырыпқа арналған сабақ жазыңыз.Егер, сіз спортпен айналысқанды ұнатсаңыз, арнайы жасалған курсты дискке түсіріңіз.Сіздің тауарыңыз, яғни дискіңіз дайын болғаннан кейін, сайт ашуды қолға алыңыз. Сайт арқылы тұтынушылар тауарға тапсырыс бере алады. Сайтты дамыту ісіне бас қатырмасаңыз да болады, желіде интернет-дүкендердің шаблондары жетіп артылады. Осы ретте, дайын асқа тік қасық бола салсаңыз да болады.

үйде бизнес

Үйде отырып, фриланспен айналыссаңыз болады. Мысалға, кеңсе жұмыстарын үйде жүргізе беріңіз. Тиімді және сұранысқа ие жұмыстардың бірі-хатшы болу. Қазіргі таңда күні бойы кеңседе отыру міндет емес, шаруаларды өзіңізге оңтайлы жерде, үйде атқара беруге де болады. Хабарламаларға жауап беріп, электорнды жәшікті тексеріп, хаттамаларды уақытылы толтырып отырсың,болғаны. Оның үстіне, әдетте, шығынды да тапсырыс беруші төлеп отырады. Тіпті, үйде отырып аударма ісімен де, тілшілікпен де шұғылдануға болады.

Бала күтуші кәсібі жайлы ойланып көрдіңіз бе? Бұл кәсіппен,көбінесе, өз үйіңізде емес, тапсырыс берушінің аймағында шұғылдана алатыныңызды білетін шығарсыз?! Бүгінде қарбалас жұмысқа, мансапқа байланысты ата-аналардың көбісі балаларына жеткілікті дәрежеде көңіл бөле алмайды. Сәбилерінің денсаулығына немесе бітпейтін кезекке байланысты, балабақшаға өткізе алмайтын кездерде абдырап қалған ата-ана бала күтушіден басқа амал көрмейді. Бұл-табыс көзі.

үйде бизнес

Қорыта келгенде,әйелдер үшін үйде отырып кәсіп жүргізудің жолдары өте көп. Тек, өз жүрегіңізге құлақ асып, дұрыс таңдау жасай алсаңыз болғаны. Дұрыс таңдау мен еңбексүйгіштік-табыс кілті.

Жер үйдегі кішігірім өндіріс

Егер, сіздің жер үйіңіз болса, оны өндіріс көзіне айналдыру-өз қолыңызда. Жер үйдегі кішігірім өндіріс – жақсы табыс мүмкіндігі. Кәсіптің осы түрінің бірнеше жолын қарастырып көрейік.

Әлбетте, ойға бірден тағам өндірісі келеді. Сіз,мысалға,шұжық өндірісімен айналыса аласыз. Бұл іске бір кең орын да жеткілікті. Сізге қажет құрал-жабдық та көп орын алмайды, өз бағасын да тез арада жабады.

Жартылай консерванттарды шығару да жаман ой емес.Себебі, консерваттар ұзақ уақыт бойы сақталады, әрі олар кең ауқымда сұранысқа ие.Бұл кәсіпті игеру қиын емес. Оның үстіне, өндіріс ауқымын кеңейтіп, фабрика ашып,жұмысшыларды жалдауға да болады.

үйде бизнес

Кондитерлік іспен де әбден шұғылдануға болады. Бұл-әйелдерге жеңіл іс. Себебі, бар-жоғы бір ас үй болса, болғаны. Егер, сіз дәмді тағам даярлай алсаңыз, қуана беріңіз. Қазіргі кезде тапсырысқа бәліштер мен тоқаштар әзірлеу-кең ауқымда қолға алынып келе жатқан іс. Ал, тоқаштарды жаныңыздағы дүкенге де өткізіп, кіріс көруіңізге болады. Тағамдарыңыз шынымен де дәмді болып, қолыңыздан бал тамса, кәсібіңіз көркейетініне сенімді болыңыз.

Соңғы кездері, бақшадағы мүсіндерге тапсырыс көбею үстінде. Кішігірім қаржыға қажет құрал-жабдықтарды сатып алып, қомақты қаржыға ие болуға болады.

Ер адамдарға кәсіптің қызықты бір түрі-кесекблоктар. Сізге бар керегі-қоспа араластыратын ыдыс пен формалар. Біраздан кейін бетон араластыратын вибростолға қол жеткізіңіз. Ол жұмысыңыздың алға басуына көмектеседі.

үйде бизнес

Сонымен, біз үйден шықпай-ақ кәсіп жүргізудің жолдарын қарастырдық. Ерлер де, әйелдер де өз пәтерінің қабырғасында отырып табыс көре алады. Соны бастау үшін бизнеске ақша қайдан алуға болады білуге шақырамыз. Тек, сенімді, әрі талапшыл болыңыз!

Оставить комментарий

  Подписаться  
Уведомление о