Өз сайтыңыз. 1 Бөлім. Домен мен хостинг

Домен деген не?

Домен деген, қолданушылар сіздің сайтыңызға өтетін сілтеме. Мысалға, мына сайттың домены  www.tabysker.kz. Кz  домены  жылына 3500 тенге тұрады. Сайтыңызға әлі бос кез-келген атау таңдап қоя аласыз. Еrbolat.kz, indira.kz, тіпті erkebulan-krasavchik.kz десеңіз де, өз еркіңіз J

Жақсы таңдалған доменды сатуға да болады. Мысалға, Ресейде vodka.ru атауы миллион рубльге сатылған.Бірақ, бұндай сәтті келісім жасау үшін өз қарамағыңызда 500, тіпті 1000 доменді сақтап отыру қажет. Олай істеп жүрмеңіз!)

 

Хостинг деген не?

Хостинг (англ. hosting) — үнемі желіде болатын серверге ақпарат орналастыратын қызмет. Егер, домен сайттың атауы мен мекен-жайы ғана болса, домен сайттағы бар ақпарат сақталатын жер болып саналады. Бір сөзбен айтқанда, жалдамалы пәтер. Ақшасын төлеп, тұра беруіңізге болады.

ХОСТИНГ ДЕГЕН НЕ?

Хостинг 2 түрлі болады:

  • тегін
  • ақылы
  1. Тегін хостинг. Бұл сайттар сізге тегін домен береді. Олардың жалғаулары мынадай болады: ucoz, gtalk және т.б. Тиімсіз, иә?!.Сайтты тегін орнаттыңыз, бірақ толығымен тегін бе?! Хостер сіздің рұқсатыңызсыз тегін, бәрін шаршататын жарнама орнатады. Сайт ұзақ жүктелетіндіктен, барлық тұтынушыларыңызды жоғалтып алу қаупі бар!

Сайт кейде, тіпті ашылмауы мүмкін. Сіз бұнымен ештеңе істей алмайсыз, себебі, басында провайдердің барлық шарттарымен келіскенсіз. Бұның бәрі сайтыңызды провайдердің шартын бұзғаныңыз үшін жойып жіберетіндіктерін ескерсек, соның қасында ештеңе емес болып қалады.

ХОСТИНГ ДЕГЕН НЕ?

Тегін хостингте ақша табу мүмкін емес. Себебі, ешкім тегін хостингке жарнама бермейді.

Тегін хостинг кім үшін жарайды?

Ешкім үшін дер едік. Алайда, әркім өзі үшін жауап беруі қажет. Тегін хостинг  сабақ алу үшін, тәжірибе өту үшін қажет. Бірақ, бұл да тиімсіз! Сіз тек өз уақытыңызды зая кетіресіз. Одан да ақылы хостингтен 2 000 тенгеге сатып алып, өз ісіңізге шынайы кіріскеніңіз дұрыс.

  1. Ақылы хостинг– біз ұсынатын нұска. Бұл жерде бәрі нақты, әрі тиянақты. Сіз ақша төлеп, хостер серверінде өз сайттарыңызды орналастырасыз. Ақылы хостингтерде еш қиындықсыз сайтыңызды заманауи түрде жылжыта аласыз (WordPress, Joomla). Тәулік бойғы техникалық бақылау, резервтік сақтау және тағы басқа көмектер көрсетілетін болады.КСіз таңдаған пакет түріне байланысты бір хостингте 2-30 аралығында сайттар қарастырыла алады. Сайт түрлі бағытта жұмыс істей алады. Блогтан бастап, суреттер тұрған сайтқа дейінгі аумақты қарастыруға болады.Даже не нужно быть программистом. Сегодня существует очень много бесплатных CMS движков. Тіпті программист болудың қажеті жоқ. Бүгінде СМS жылжытулардың көптеген түрлері бар. Қазақстан Республика заңнамасына қарсы келмейтін басыңызға келген кез-келген ойды жүзеге асыруыңызға болады. Ендігі жерде бұл хостер компаниясы жауап беретін сіздің өз жеке меншігіңіз.

 

Қазақстанның ең мықты хостинг провайдер (доменді де осы жерде сатады):

 

Дәл қазір тіркеліңіз

 

 

Оставить комментарий

  Подписаться  
Уведомление о