Ақшаны оңды-солды шашпауға болады ма?

Әрине, әр адам өмірінде бір рет болсын, өзіне керексіз зат алады. Бұл түсінікті де, көңілі құмартқан затты кім алғысы келмейді?! Бірақ, ұнады деп түгел дүкенді көшіріп алуға болмайды ғой.  Маркетологтар дүкенде бар ақшамызды тастатудың амалын жақсы біледі. «Жеңілдік» деген сөзді ұнатпайтын жан бар ма?

Осы сөздің буымен қанша ақшаңызды кассада тастап кеттіңіз? Бұдан да басқа сіздің көңіліңізді аударатын қитұрқы амалдар өте көп. Маркетинг құдайлары құрған қақпанға түспеудің шешімі — қаражаттағы тұрақтылық.

Тауардың бағасына қарағанда, сапасы маңызды.

Егер, тауар қымбат тұрса және сізге ләззат әкелсе, онда оған ақша аяудың қажеті жоқ. Керісінше, ол арзан болса және уақытыңызды ұрласа, қаражатыңызды үнемдеп қалыңыз. Осы екі түрді ажырата алыңыз. Себебі, сәтті сауда үнемі ұзақ уақыт қолдануға арналмауы мүмкін.

Интернетте сауда жасауды үйреніңіз.

Әрине, интернет-дүкендерде де маркетинг амалдары ойластырылған. Алайда, сатушының жоқтығына байланысты, ықпал мен қысым азырақ болады. Шешімді өзіңіз қабылдай аласыз. Бұл тиімді емес пе?  Егер де, сауданы қарапайым дүкеннен жасауды жөн деп тапсаңыз, дүкенге тек арнайы жасалған тізіммен шығыңыз. Сонда, жеңілдікпен сатылған барлық затты сатып алу қаупі азаяды.

интернет дүкен тапсырыс

Өзіңізде бар заттардың тізімін жасаңыз.

Осыдан кейін үнемі қажет, кейде ғана қолданатын, керек емес, бірақ ләззат әкелетін және мүлдем қажет емес заттарды төрт бағанға бөліп жазыңыз. Екінші және үшінші қатарға көз жүгіртіп көріңіз. Бұларды шатастырып жататындар өте көп. Кейде, бұл заттар төртінші бағанға да ауысып жатады. Енді осы тауарларды сатып алуға кеткен уақытыңыз бен қаражатыңызды есептеп көріңіз. Ішіңіз удай ашыды ма? Келесі жолы ақылдырақ болыңыз.

Өзіңізге қажет емес сауда жасамақсыз ба?

Бұл сауда жоспарда болмағанын еске түсіріп, оның шыныменен керек екендігіне көз жеткізіңіз. Әрине, өзіңізге сұрақ қоюмен ғана осы саудадан қашып құтыла алмайсыз. Дұрысы, егер, тауар сатып алғыңыз келсе, бірнеше апта немесе ай бұрын ақша жинастыра бастаңыз. Осы амалмен сіз өзіңізді шыдамдылыққа үйретесіз. Ал, қолжетімді заттың ләззаты да қысқа болмақ.

ақшану құрту

Қажет емес саудадан құтылудың тағы бір жолы-сырт көзбен қарау. . Егер, бейтаныс жан сізге дәл осы тауардың бағасымен бірдей ақша ұсынса, қаражатты немесе тауарды таңдайсыз ба? Мүмкін, осы қаражатты пайдалы іске жұмсарсыз, қалай қарайсыз?

Оставить комментарий

  Подписаться  
Уведомление о