Отбасы бюджетін қалай жоспарлауға болады?

1014539008

Сіз отбасы бюджетін жоспарлап үйренгіңіз келеді,- неден бастарыңызды білмейсіз бе? Дәптер жүргізу, Excel-де файл ашу, он-лайн сервис, я болмаса арнайы программа жүктеу? Қайсысын таңдарыңызды  және сізге қайсысы жарарын шеше алмай жүрсіз бе?

Жаңа заман ұсыныстарының арасында жоғалып қалмау үшін, әр-қайсысына тоқталып өткен жөн. Алдымен, қарапайымдарынан бастап, соңғы технология жаңалықтарымен танысайық.

Бұл мақалада жалпы бюджет жүргізу жолдарымен  (ешқандай іш пыстыратын есептерсіз!) және Exel-ге енгізу шаблондарымен (басқа да есеп таблицаларымен) танысамыз.

3 оңай методикалар

Алдымен, шапшаң әрі артық шығынсыз отбасы бюджетін ойластыратын қарапайым 3 методикадан бастайық.

Мүмкін, кейінірек сізге көп бөлшектер мен мүмкіндіктерді талдау үшін, өз бюджетініңізді дұрыс бағалау үшін,неғұрлым дамыған құралдарға көшу керек болар немесе осы қарапайым схемалардың негізінде неғұрлым күрделі,  өзіңізге қолайлы. Сіздің қаржылық жағдайыңызға лайық схемаға көшуіңізге болады.

1441729374200_semejniy_budget_5

Айтпақшы, осы схемалардың авторлары әрбір алынған табыстың 20%-ын сақтап қалуды бірауыздан ұсынып отыр.Сондықтан, бұл неғұрлым ерте  қаржылық әдетке айналса, соғұрлым жақсы. Тағы бір айтап өтетін жайт, бұл схемалардың жалпы  мақсаты: отбасының  міндетті (қажетті, маңызды) шығындарының  үлесін азайту. Бұл өз кезегінде, отбасының өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Ақша қиындықтарды шешудің оңай, әрі тиімді жолдары

  1. 1-қадам. Кредиттік карталардың көзін жойыңыз (қарыздар мен кредиттерден арылыңыз)
  2. 2-қадам. Әр табыстың 20%-ын сақтаңыз немесе пайдалы іске салыңыз. Бірақ, жұмсап жібермеңіз!
  3. 3-қадам. Қалған 80% өз игілігіңізге жұмсап, қалағандай өмір сүріңіз

Оңай, солай емес пе? Тек есіңізде болсын, алдымен  20% қалдырып, содан кейін ғана жұмсаймыз.Әйтпесе, айдың аяғында кейінге қалдыруға болатын ақша мүлдем жоқ болуы мүмкін. Айтпақшы, егер 20% -ды қалтыру мүмкін емес болса, 10% немесе тіпті 5% — ды қалдырып отырыңыз. Бұл бастапқы жинақ қорын (отбасының резервтік қорын) қалыптастыру үшін қажет. Бұл әдісті  күшейту үшін, айдың соңында қалған қаражатты да резервтік қорға қосуға болады.

20140818120447_17516_1280x1280

Қаржылық табысқа қол жеткізу үшін,қаржыңыздың теңестірілген түрдегі үш қосымшасының  басын тең ұстау қажет.Сондықтан,сізге жалпы табысты  үш бөлікке бөлуді ұсынып отырмыз:

50%-ды қажетті заттарға жұмсау (азық-түлік, жалға алу, көлік, сақтандыру, негізгі киім және т. б.)

30% -ды қалаған заттарға жұмсау (кабельді теледидар, сәнді киім-кешек, әшекейлер, ж мейрамханадағы отырыс, билеттер, театр, кітап, хобби және т. б.)

20%-ды арнайы жинаққа қою(соның ішінде қарыздарды өтеу).

Осылайша, сіз бір мезгілде  үлкен соманы үнемдеп, жолай қарыздардан арылып және өз қалауыңызша өмір сүресіз. Себебі, 30% кіріс ойын-сауық пен сіздің қалауыңызға арналған. Кірістер мен шығыстарды есептей келе, сіздің отбасыңыз бұл схемаға оңай кірісіп кетуі  крек. Немесе бұл схеманы жетуге тырысатын идеал ретінде қарастырыңыз.

113348_or

60% ұстанымы. Қысқаша, жалпы табысты  5 бөлікке бөлуге болады, олардың шамамен 60% — ағымдағы шығындарға жұмсалады.

  1. Ағымдағы шығынтар – 60%.
  2. Зейнетақы қоры – 10%.
  3. Ұзақ мерзімді сатып алу және төлем – 10%.
  4. Тұрақты емес шығынтар – 10%.
  5. Ойын-сауық – 10%.

Бюджетті жоспарлау бойынша кеңестер

Жоспарлауды отбасылық бюджеттен бастауды шештіңіз бе?Олай болса, бір-екі  пайдалы кеңестің артығы болмайды.

  1. Бұны неге бастағаныңыз әрдайым есіңізде болсын. Мұны біреу айтқаннан, я болмаса, осыйлай істеу қажет деп орындамаңыз. Өзіңіз үшін себебін түсініп алыңыз. Мысалы, «табысым шығынымнан артық болуын қалаймын» немесе «шығынымды 10%-ға дейін қысқартуым қажет».
  2. Нақты,қол жеткізуге болатын мақсат қоя біліңіз. Мысалы, «ремонтқа 150 мың тенге жинақтауым қажет»
  3. Отбасы бюджетіне сенімді болу үшін, нақты кірісітер мен шығындарды есептеңіз.
  4. Жинақ шотын ашып, ақша жинақтай бастаңыз. Ең оңтайлысы, қолма-қол ақша алу мүмкіндігі жоқ  депозитпен қолданыңыз.  Резервтік қорды қалыптастыра беріңіз.
  1. Өз-өзңізге «Супермен боламын» деп уәде бермеңіз. Отбасылық бюджетті бір айда қалпына келтіремін деп қиялға беріліп кетпеңіз. Ақырын ғана бастап, шағын әрекет етіңіз.
  2. Мүмкіндігінше, өзгелердің қолдауына ие болыңыз. Немесе бюджетті ойластыруды досыңмен,құрбыңмен бастаңыз.
  3. Бюджетті қайта қарауға қорықпаңыз. Оңтайлы жол іздестіріңіз!
  4. Қолжетімді мақсат қоя біл. Әр бастама үлкен іске әкелетінін ұмытпа!

1416928707_dollar

Оставить комментарий

  Подписаться  
Уведомление о