Дағдарыс кезінде қолданар 5 қарапайым кеңес

Интернетте болып жатқан қызу талқылау мен адамдар арасындағы соңғы әңгімелерге құлақ ассақ, бұл жаппай психикалық ауруға дағдарыс кезінде ұшыраған ауруларды елестетеді.

Дағдарыс кезінде

Доллар мен еуроның өсуі еңбек нарығында шешуші рөл атқаратындықтан, тұрғындардың мінез-құлығы күрделі ауытқуларды бастан кешіреді. Сонымен қатар, айтарлықтай уақыт өтісімен, адамдардың едәуір бөлігі іс-әрекеттерімен психикалық ауытқудың салдары әлі де барын көрсетеді.

Read more…

Интернетте ақша табудың өзекті түрлері

Сізді интернетте ақша табу көздері қызықтырады ма? Онда қажет сайтты дұрыс таңдағансыз. Біздің мақаламызды оқығаннан кейін, интернетте ақша табу жайлы азды-көп ақпаратты білетін боласыз. Интернеттің пайда болуымен бірге, желідегі кәсіп те дами түсті. Ал, біздің білетініміздей, сұраныс бар жерде ақша да бар. Яғни, интернетте ол жеткілікті.

zarabotok-v-internete

Табыс көздері көп, өте көп! Тіпті, қарапайым заттан да ақша шығаруға болады. Бірақ, қандай ақша?? Сізге қанша қажет және сіз қанша табасыз-ол сізге ғана байланысты.

Read more…

Ақшаны оңды-солды шашпауға болады ма?

Әрине, әр адам өмірінде бір рет болсын, өзіне керексіз зат алады. Бұл түсінікті де, көңілі құмартқан затты кім алғысы келмейді?! Бірақ, ұнады деп түгел дүкенді көшіріп алуға болмайды ғой.  Маркетологтар дүкенде бар ақшамызды тастатудың амалын жақсы біледі. «Жеңілдік» деген сөзді ұнатпайтын жан бар ма?

Осы сөздің буымен қанша ақшаңызды кассада тастап кеттіңіз? Бұдан да басқа сіздің көңіліңізді аударатын қитұрқы амалдар өте көп. Маркетинг құдайлары құрған қақпанға түспеудің шешімі – қаражаттағы тұрақтылық.
ақшаны құрту

Read more…

Үйде бизнес жасауға болады ма?

Жеке кәсіп, ешкімге тәуелсіз уақыт және қыруар табыс-көптің арманы. Алайда, сол көптің бір пайызы ғана немен айналысқысы келетінін нақты біледі. Ал, қалғаны арманындағы кәсіптің жетегінде қалады. Біздің мақала сіздерді үйде бизнес ашу жолдары және танымал, әрі тиімді жоспарларымен кеңінен таныстырады.

үйде бизнес

Read more…

Дағдарыс – бизнес бастайтын ең жақсы уақыт па?

Соңғы бірнеше айда, сіз девальвацияны күтіп, жаһандық экономика, АҚШ доллары жайлы мағлұмат жинап, барған сайын «дағдарыс» және «кризис» сөздерін жиі естіп жүрген боларсыз. Әсересе, Қазақстанның азаматы болсаңыз. Мүмкін, бұл жағдай тікелей сізге қатысты шығар,өкінішке орай, сіз жұмыс орныңызды жоғалтып, немесе тұрақты жұмысқа, жоғары жалақыға қол жеткізе алмай жүргендердің қатарынан боларсыз.

кризиста қандай бизнес
Шындығында, дағдарыстар әрқашан болған және әрдайым болады . Және мұндай сәттерде қорқыныш еселене түсіп, белгісіздік пен күмән пайда болады. Алайда, кез келген таяқтың екі ұшы болғаны сияқты, дағдарыстың да басқа жағы да бар. Мүмкін, өмірдің өзі батылыңыз жетпей жүрген іске итермелейтін болар?! Қиын уақыт әрқашан серпініс жасауға және алға қадам басуға себепкер болған.

Read more…

Бизнес ашу үшін ақша қайдан алуға болады?

Кейде бір жобаны іске асыру үшін шұғыл түрде қаражат керек болып жатады. Мысалы, жеке бизнесіңізді ашу мақсатында. Сізде бір ой туып, оның қомақты табыс әкелетініне сенімді болып жатасыз, бырақ өкінішке орай ақша жағынан мәселе туындайды.

Өз жеке бизнесіңді ашу үшін ақшаны қайдан алу керек?

Мен сіздерге өз басымнан өткен жағдай мен жеке тәжірибемнен мысал келтіріп беремін. Жеке ісімді ашу үшін қаржы іздеп, бұл тұрғыда не нәрсеге қол жеткізгенімді баяндаймын.

Бизнес ашу үшін ақша қайдан алуға болады

Бұл мақалада бизнеске қажетті қаражатты табудың 6 тәсілін айтамын.Әркімнің өз ыңғайына сай тәсілді табатынына сенімдімін.

Read more…

Жазда қандай бизнес ашуға болады

Әрине,  жаз  жылдың ең үздік мезгілдердің бірі: тамаша ауа-райы, жеміс-жидектер, қызықты саяхат, демалыс. Біздің сұрағымыз: жазда қандай бизнес жасауға болады?

Өкінішке орай, әркім жазда демалысқа шықпайды. Жұмыс істейтін адамдар жазда  бірнеше аптаға демалыс алады.  Ал  жұмыс істемейтіндер , керісінше,  жазда жұмыс іздеп, жұмысқа шығады. Егер көп ақшаны армандап жүрсеңіз, тап осы мезгілде бизнесті ашу керек. Осы кезде, ең алдымен дұрыс мақсат қойып, ақшаны есептеп шығару керек.  Осындай бизнестің басты қиындығы, ол жақсы кадрлар болуы, өйткені бұл жұмыс маусымдық және әркім келісе бермейді. Бірақ бәрі өзгереді. Уақыты жеткенде тұрақты қызметкерлерді табасыз. Бұл жұмыс  жаз маусымда демалатын адамдарға арналған.  Әсіресе студенттерге , 14 жасқа келген оқушыларға,  декретте отырған әйелдерге және зейнеткерлерге.

жазда қандай бизнес

Алдымен осы жазда қандай іспен айналысатының таңдау керек. Осыған орай бірнеше ұсыныс бар.

Read more…

Ақшаны қалай жинау керек? Қарапайым кеңестер.

Ақшаны қалай жинау үйрену – көпшіліктің арманы, алайда қолдан келе бермейтін іс екені аян. «Ертеңге» қалдырудың сан алуан сылтаулары бар,тіпті келесі айға да қалып жатады. Бүгін-ақ бастап кету үшін сізге мынадай қарапайым кеңестер бар:

ақшаны қалай жинау

Өзіміз үшін мақсат қоямыз

 Ақшаны жинауды үйрену үшін, кейбір заттарды түсінгеніміз жөн: сізге оның қандай керектігі бар. «Әйтеуір бір күні болар» деген-іске аспайды! Әр адамның басынан ойламаған шығыс шығады, бұл басты себеп. Мұндай шығыс түрін ұмытып, өз ойыңызды нақты бір мақсатқа жинақтағаныңыз дұрыс-жаңа көлік, ноутбук,пәтер және т.б. Егер көз алдыңызда белгілі бір көрініс бар болса,алға жылжуыңызға негіз болады және сізге ұнары анық.

Read more…

Ауылдағы бизнес түрлері

Бәріне сәлем! Бүгін мен ауылдағы бизнес түрлерімен айналысу керек деген ақырыпта кең ауқымды әңгіме еткім келеді. Балалық шағым Атырау маңындағы ауылда өтті. Сонау уақыттың өзінде досым екеуміз Оралдан ұсталынып әкелінген балықпен сауда жасай бастадық. Алайда ол кездерде менің бизнес жайлы хабарым болмай,уақытша табыс көрумен айналыстым (небәрі 13 жастарда едім), сол кездерді артқа қайтарса, үлкен бизнеске айналдырар едім.

Бірақ қазір мен қалада тұрамын және бизнес көзі де басқа. Соған қарамастан ауылда өз бизнесін ашқысы келетіндерге қорытынды жасап беремін.

ауылдағы бизнес

Read more…

Вайнер деген кім? Олар қалай ақша табады?

Вайнер деген кім? Вайн бейнероликтері қазақстандық ғаламтор тұтынушылардың арасында нағыз қызығушылыққа ие. Әртүрлі өмірлік жағдайлар негізінде жасалған пародия – ең танымалы. Қызықты деген жазбалар мыңдаған көрілім жинап қана қоймай, бейнероликтердің иелеріне танымалдылық пен табыс әкеледі.

вайнер деген кім

Вайнның авторы болу кез-келген адамның қолынан келетін  іс. Түсірілім үшін профессоналды техника мен жарық көзі талап етілмейді. Вайншылар өз бетінше түсіріп, видеожазбаны монтаждап, басқалармен бөліседі.

Read more…